
НҰР-СҰЛТАН / БЕРЛИН, 2021 жылдың 15 сәуірінде – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов Қазақстан-Герман қоғамы, Германиядағы Абай мәдени-іскерлік үйі және «Отандастар қоры» КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырған Қазіргі таңдағы Қазақстанның ғарыш саласы» онлайн-конференциясының ашылуында сөз сөйледі.
Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстан мен Германияның ғарыштық және ғылыми кәсіптерінің бірқатар өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Елші Д.Кәріпов қазақстандық ғалымдардың және инженерлердің Юрий Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуын 1961 жылы дайындауға және табысты іске асыруға қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, дипломат конференцияға қатысушылардың ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ғарыш күніне (12 сәуір) орай құттықтауына назарын аударып, Қазақстанның әлемдегі алғашқы болып және ең ірі «Байқоңыр» ғарыш жайының алаңында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы ақпарат берді.
Шақырылған спикерлер тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласының қалыптасуы және әлемдік ғарыш саласындағы соңғы әзірлемелер тақырыптарында қызу пікірталастар мен пікір алмасуға бастамашылық етті.