Өзара түсіністік пен өзара іс-қимыл ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов пен неміс еуродепуттары арасындағы диалогтың назарында

Өзара түсіністік пен өзара іс-қимыл ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов пен неміс еуродепуттары арасындағы диалогтың назарында

БЕРЛИН, 2021 жылғы 9 сәуір – Бүгін Қазақстанның Берлиндегі Елшілігінде ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Еуропалық парламенттің неміс депутаттары Виола фон Крамон-Таубадельмен және Никлас Нинасспен («Жасылдар-Еуропалық еркін альянс» бірлестігінің мүшелері) кездесті.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат еуродепутаттарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен институционалдық саяси реформалардың үш пакетін жүзеге асыру аясындағы Қазақстандағы демократиялық түрленулер жөніндегі өзекті ақпаратты мәлімдеді. Өткен жылы бекітілген Қазақстанда 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адам өлшемі жөніндегі диалогтық алаң» консультативтік-кеңес органының қызметі мәнмәтінінде елімізде саяси мәдениет пен адам құқықтарын қорғау механизмдерін жетілдіру нәтижелерін талқылауға ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Еуропалық парламент мүшелері халықаралық және еуропалық құқықтық стандарттар негізінде құқық қорғау және еркіндік мәселелері жөніндегі озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған Қазақстанмен сындарлы диалогты кеңейтуге ниет білдірді. Тараптар сондай-ақ коронавирус пандемиясын еңсеру перспективаларын және дағдарыстан кейінгі экономикалық қалыпқа келу мәселелеріндегі көміртексіздендіру және «жасыл» даму мақсаттарының басымдығын талқылады.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар Қазақстан-Еуропа диалогын парламентаралық қатынастар форматында ары қарай жандандыру маңыздылығына қатысты бір пікірге келді. 

Ақпарат ретінде: 2025 жылға дейінгі ҚР-да азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы ҚР Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы №390 жарлығымен бекітілді. Тұжырымдама еліміздің саяси трансформациясы мен жаңғыруын, мемлекет, бизнес және азаматтық қауымдастық арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтуды, сондай-ақ ҚР-да азаматтық қоғам тұрақтылығын арттыруды қолдайтын механизмдер құруды қарастырады. 

ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адам өлшемі жөніндегі диалогтық алаң» консультативтік-кеңес органы 2013 жылдан бері үкімет пен жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды тартатын Қазақстанның азаматтық қоғамы арасындағы тиімді қатынастарды қамтамасыз ету мақсатында қызмет етеді.