
БЕРЛИН, 7 сәуір 2021 ж. – Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «MDX International GmbH» компаниясының басқарушы акционері, доктор Герд Рагермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында компанияның Қазақстанда құны 160 миллион доллар болатын бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды.
«MDX International GmbH» – мамандандырылған медициналық қызметтер мен Еуропадағы танымал клиникаларда емдеуді жүзеге асыратын жеке медициналық компания.