Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов Германия өнеркәсіптерінің федералдық одағының (BDI) Басқарма мүшесі В.Нидермаркпен кездесу өткізді

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов Германия өнеркәсіптерінің федералдық одағының (BDI) Басқарма мүшесі В.Нидермаркпен кездесу өткізді

БЕРЛИН, 2021 ж. 25 наурыз – Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов Германия өнеркәсіптерінің федералдық одағының (BDI) Басқарма мүшесі В.Нидермаркпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, Қазақстан мен Германия компаниялары арасында іскерлік байланыстар орнату және дамыту, сондай-ақ Германия экономикасы секторларының қазіргі таңдағы коронавирустық пандемия жағдайындағы дамуы туралы пікірталас өтті. ҚР дипломатиялық миссияның басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ресми сапарларының кейбір нәтижелері туралы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склар бастаған неміс инвесторларымен жұмыс жөніндегі Үкіметтік жұмыс тобының қызметі туралы,  сондай-ақ Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалы мен Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары туралы хабарлады.

Өз кезегінде В.Нидермарк өзі басқарған «шатырлық» ұйымының қызметі, комитеттердің жұмысы, өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы, оларды жаңғырту мен одан әрі дамыту жоспарлары туралы айтты. Кездесу барысында сұхбаттасушылар неміс бизнес қауымдастықтары мен кәсіпкерлерінің болашағы зор қазақстандық нарыққа қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында Елші Д.Кәріпов неміс бизнес қауымдастықтарының өкілдерін Елшілік ұйымдастыратын экономикалық іс-шараларға қатысуға шақырды.

Германия өнеркәсіптерінің федералдық одағы (BDI e. V.) - Германиядағы өнеркәсіп пен қызмет көрсетушілердің жетекші ұйымы. Бұл мекемеде 8 млн. жуық адам жұмыс жасайды және ол 40 салалық қауымдастық пен 100 мыңнан астам компанияның мүдделеріне өкілдік етеді. Оның Германия федералдық жерлерінде 15 аймақтық кеңселері, сондай-ақ шет елдерде кеңселері бар. BDI елдің ішінде де, шет елдерде де неміс өнеркәсібінің саяси - экономикалық мүдделеріне өкілдік етеді.