
2020 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «KazAID» құрылды. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы «Дамуға ресми көмек туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы уәкілетті мекеме болып тағайындалды.
Соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстан дамуға ресми көмекке ұқсас мақсаттар үшін шетелдерге 542 млн. астам АҚШ долларын бөлді. Қысқа мерзім ішінде мемлекетіміз көмек алушыдан халықаралық донорға айналып, дамушы елдермен бірге Орталық Азияның мемлекеттері мен Ауғанстанға көмек көрсетуде.
Қазақстан Республикасы өз қызметінде барынша синергетикалық әсерге қол жеткізу үшін қазақстандық ДРК-ның жүйесін дамыту саласындағы жаһандық ұмтылыстардың бір бөлігі ретінде оны Кавказ аймағына, Африкаға, Латын Америкасына, шағын аралдардағы дамушы мемлекеттер, төмен дамыған елдер, теңізге шығаалмайтын елдер мен басқа аймақтарға бағыттайтын болады.
ДРК саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында негізгі донорлармен және халықаралық даму институттарымен ауқымды серіктестік орнатылды. Атап айтқанда, БҰҰДБ, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі «USAID», Жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі «JICA», Халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі неміс қоғамы «GIZ», Корейлік халықаралық ынтымақтастық агенттігімен «KOICA», Словакияның халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігі «Slovak AID» және Чехияның халықаралық даму агенттігі «CzDA»-мен ынтымақтастық дамуда.
ДРК саласындағы жаһандық диалог пен үйлестіруге қатысудың маңыздылығын ескере отырып, Дамуға көмектесу комитеті (ДКК) мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), ынтымақтастықты құру тереңдету мәселесі қазақстандық ДРК жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс табасым бағыттардың біріболып табылады. Осыған байланысты 2015 жылғы шілдесінде Қазақстанға ДКК-ға «Шақырылған» ресми мәртебе берілді.