
БЕРЛИН, 2021 жылғы 23 ақпан - Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы біріккен еуропалық солшылдар фракциясы төрағасының орынбасары, Бундестагтағы «Солшыл» партиясы фракциясы төрағасының орынбасары Андрей Хункомен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты парламентаралық қатынастардың бірқатар аспектілерін талқылады. Д.Кәріпов Қазақстанның Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы Берлинге және 2020 жылғы ақпандағы Мюнхенге жасаған сапарлары туралы мәлімет берді. Елші және де республикамыздағы қоғамды демократияландыруға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған реформалар, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы хабардар етті.
Д.Кәріпов Қазақстандағы 180 мың неміс қоғамдастығының және Германиядағы 900 мыңнан астам бұрынғы отандастарымыздың Қазақстан мен Германия ынтымақтастығын тереңдетудегі ерекше рөлін атап өтті.
Сұхбаттасушылар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ екі елдің экономика және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылының маңыздылығын білдірді.
Кездесу соңында сұхбаттасушылар парламентаралық ынтымақтастық шеңберіндегі диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.