БЕРЛИН, 2021 жылғы 23 ақпан – бүгін Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов Берлиннің Тиргартен парктің ортасында өткен Кеңес құтқарушы әскерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан кеңес жауынгерлерін еске алуға ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары келді.
Іс-шара шектеулі форматта жалпы жұртшылық үшін COVID-19 таралуына қарсы барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып өтті.