
БЕРЛИН, ДОРТМУНД, 2021 ж. 4 ақпан – Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов «WILO» компаниясының «Wilopark» атты жаңа штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне құрметті қонақ ретінде қатысты. Онлайн түрде өткен іс-шараға 800-ден астам жоғары деңгейлі халықаралық қонақтар, бизнес пен саясат өкілдері қатысты. Бейнеконференцияға жалпы 1500-ге жуық адам қосылды. Іс-шара барысында бейнеқұттықтаумен сөз сөйлеген құрметті қонақтардың арасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр, ГФР Федералдық канцлері А.Меркель, Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінің премьер-министрі А.Лашшет, жергілікті министрлері А.Пинкварт және К.- Дж.Лауманн болды.
1872 жылы құрылған компания қазіргі кезде сорғылар мен сорғы жүйелерін шығаратын әлемдегі жетекші орынға ие. Қазақстанда «WILO» Алматы облысында жылына 2 мың сорғы өндіретін сорғы жабдықтарының өндірісін құру үшін 1,7 миллиард теңге инвестиция жұмсады.
«Wilopark»-тің ашылу салтанатында сөз сөйлеген компанияның Басқарма төрағасы және президенті О.Гермес бұл шараның маңыздылығын атап өтті. Инвестиция көлемі шамамен 300 миллион еуроны құрайтын «Wilopark» – бұл компания тарихындағы ең ірі жоба ғана емес, сонымен қатар Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінде және жалпы Германия Федеративтік Республикасында да ірі өнеркәсіптік құрылыс жобаларының бірі болып табылады.
Көлемі шамамен 200 мың м² құрайтын жаңа штаб-пәтерге «Digital Smart Factory», «Pioneer Cube» кеңсе ғимараты, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы және өнімді дамыту бөлімі кіреді. Құрылыс жасыл технологияларды қолданумен және климаттық емес өндіріске бағытталумен жүргізілді. 2025 жылға қарай «WILO» өзінің «Кеудемсоқтық 2025» корпоративті стратегиясының бөлігі ретінде барлық негізгі өндіріс орындарынан СО2 шығарындыларын жоюды жоспарлап отыр.