Евгения Штрак Қазақстан мен Германия арасындағы мәдениетаралық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға үлесін қосқаны үшін Орденмен марапатталды

Евгения Штрак Қазақстан мен Германия арасындағы  мәдениетаралық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға үлесін қосқаны үшін Орденмен марапатталды

РЕЙНЛАНД-ПФАЛЬЦ, 2020 жылғы 23 желтоқсан – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дəурен Кәріпов Рейнланд-Пфальц федералдық жеріне жұмыс сапары барысында ұзақ жылдар бойы Қазақстан мен Германия арасындағы достық қатынастарды орнатуға белсенді қатысып жүрген «Eifel more & Kompanie» компаниясының басшысы Евгения Штракпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ біздің халықтарымыз арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудағы отандастарымыздың рөлін талқылады.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат Е.Штракты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мәдениетаралық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға және Қазақстан-Германия ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі үшін
II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Е.Штрак жоғары награда үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдіріп, біздің елімізге өркендеу, қазақстандықтарға игілік жолында одан әрі табыстар мен бейбітшілік тіледі.