
БЕРЛИН, 2020 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті күшейту саласындағы ұстанымы мен бастамаларын ілгерілету мақсатында Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов «Халықаралық бейбітшілік бюросы» Халықаралық үкіметтік емес ұйымының (ХББ) төрағасы Р.Браунмен кездесті.
Келіссөздер барысында жаһандық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қазіргі сын-қатерлерге қатысты заманауи дамудың өзекті мәселелері талқыланды. Неміс тарапы елімізді басқа мемлекеттердің алдында үлгі ретінде атап, ҚР-дың дүниежүзілік ядродан тыс қозғалысқа, аймақтық қауіпсіздіктің проблемалық мәселелерін шешуге қосқан мол үлесін атап өтті және өз ұйымының қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығын білдірді.
Р.Браунның айтуынша, ХББ Еуропа қауымдастығын Қазақстанның болашақ әлемде жетуліші мағынаға ие болып жатқан Орталық Азияда өңірлік қауіпсіздік құрылымдарын дамытудағы күш-жігері жөнінде хабардар етуде қолғабыс көрсетуге дайын. Тараптар осындай диалогтың табысты алаңы ретінде тиісті деңгейі мен талқылауға лайықты тақырыптары бар «Астана Клубы» болу мүмкін деп келісті.
Өз тарапында, қазақстандық дипломат Халықаралық бейбітшілік бюросының ядролық қарусызданудың және бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін диалог идеяларын ілгерілетуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. «Қазақстан өзінің сыртқы саясатының бастапқылығы болып табылатын осы саладағы ынтымақтастыққа әрдайым дайын», - деп Д.Кәріпов кездесудің соңында атап өтті.