
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі (Nordendstraße 14-17, 13156 Berlin) жанындағы № 247 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 247 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Германия Федеративтік Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) konsulberlin@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
+49 (030) 47 007 111 немесе 121 – сағат 13.00-ге дейін;
+49 (030) 47 007 160 немесе 164 – сағат 14.30-дан кейін.