
БЕРЛИН, 2020 ж. 3 желтоқсан – Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Белгісіз сарбаз күніне орай Берлиннің «Тиергартен» орталық саябағында қаза тапқан Кеңес Одағының жауынгерлеріне арналған мемориалға дәстүрлі түрде гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Бұл күн, 1966 жылғы 3 желтоқсанда Мәскеу маңында фашистік әскерлерді жеңгенінің 25-жылдығына орай, белгісіз сарбаздың күлі салтанатты түрде Мәскеу Кремлінің қасындағы Александр бақшасында жерленуіне байланысты таңдалды. 1967 жылғы 8 мамырда жерленген жерде белгісіз сарбаздың мемориалды архитектуралық ансамблі ашылып, Мәңгілік алау жағылды. Бұл күні Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған, сондай-ақ әлі күнге дейін белгісіз қабірлерде жатқан, есімдері әлі анықталмаған адамдардың барлығына құрмет көрсетіледі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқаста қаза тапқан кеңес жауынгерлерін еске алуға ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары келді.
Іс-шара шектеулі форматта жалпы жұртшылық үшін COVID-19 таралуына қарсы барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып өтті.