Елші Дәурен Кәріпов Бундестагтың депутаты Алойс Карлмен кездесті

Елші Дәурен Кәріпов Бундестагтың депутаты Алойс Карлмен кездесті

БЕРЛИН қ., 2020 ж. 29 қазан - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Дәурен Кәріпов Бундестагтың депутаты Алойс Карлмен (ХСО) кездесті.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты парламентаралық қатынастардың бірқатар аспектілерін талқылады. Д.Кәріпов Қазақстанның Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы Берлинге жасаған сапары және республикамыздағы жүзеге асырып жатқан реформалар, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы баяндап берді.

Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысының Қазақстандағы неміс бизнесіне айрықша жағдайлар жасау жөніндегі бастамаларына тоқталып, Қазақстандағы 180 мың неміс қоғамдастығының және Германиядағы  900 мыңнан астам бұрынғы отандастарымыздың Қазақстан мен Германия ынтымақтастығын тереңдетудегі ерекше рөлін атап өтті.

Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ елдердің экономикалық және білім беру саласындағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат соңында тараптар Қазақстан Республикасының Парламенті мен Германия Бундестагы арасындағы саяси диалогты арттыру мақсатында екіжақты парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.