
БЕРЛИН, 2020 ж. 28 қазан - Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Бундестагтың депутаты, Адам құқытары мен гуманитарлық көмек комитетінің төрағасы, Еуропа Кеңесіндегі Парламенттік Ассамблеясының мүшесі Гиде Йенсенмен (ЕДП) кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы парламентаралық, экономикалық қатынастарға, сондай-ақ мәдениет және Ковид-19 пандемиясына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында Д.Кәріпов сұхбаттасушыға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсанда Берлинге сапары туралы баяндап, бұл оның Президент ретіндегі Еуропаға алғашқы сапары болғандығын хабарлады.
Сонымен қатар, Елші Г.Йенсенге Қазақстанда қоғамды демократияландыруға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған реформалар, сондай-ақ 2021 жылғы 10 қаңтарда орын алатын Мәжіліс сайлауларына дайындық туралы хабардар етіп, экономика саласындағы қарқынды дамып келе жатқан қатынастарына тоқталды.
Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы парламентаралық диалогты одан әрі дамытудың маңыздылығына назарларын аударды.
Г.Йенсен Қазақстанда жүйелі саяси түрлендіру реформалар нәтижесінде болып жатқан өзгерістерді атап өтті.
Соңында тараптар парламентаралық ынтымақтастық аясында үнқатысуды жалғастыруға келісті.