Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов Төменгі Саксонияның компанияларымен кездесті

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов  Төменгі Саксонияның компанияларымен кездесті

ГАННОВЕР, БЕРЛИН, 2020 жылғы 26 қазан – Бүгін Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде бизнесті жүргізу тәжірибесіне арналған онлайн форматындағы Дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде Ганновер қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасы болып табылды. Кездесуге Төменгі Саксония федералдық жерінің 30-дан астам кәсіпкерлері, Ганновер қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасының және Герман-Румын сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері, сондай-ақ Төменгі Саксонияның Польша мен Ресейдегі өкілдіктерінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді ашу кезінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Д.Кәріпов екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын, және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы және 2020 жылғы ақпандағы Германияға сапарлары қосымша серпін берген ҚР мен ГФР арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсендету бойынша жоспарлы жұмыстың арқасында бұл ынтымақтастық қазіргі таңда жаңа деңгейге шыққанын атап өтті. Елші сонымен қатар Қазақстандағы жағымды инвестициялық климаты, бизнесті жүргізу мүмкіндіктері, заңнамалық қолдау, сондай-ақ герман инвесторларына ұсынылған жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы толық ақпарат берді. Дипломат өз мәлімдемесінде ҚР үкіметінің коронавирус пандемиясына қарсы күреске және оның теріс экономикалық салдарын азайтуға арналған шараларға ерекше назар аударды.

Сонымен бірге, кездесу барысында ҚР мен Төменгі Саксония іскерлк топтарының ауыл шаруашылығы, азық-түлік, индустрия және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Төменгі Саксонияның Польша мен Ресейдегі сауда өкілдіктерінің қызметкерлері инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жолдары, өндірісті, кәсіпкерлік мәдениетті дамытудың, жаңа іскерлік байланыстардың орнату, сондай-ақ бизнес үшін жаңа бағыттардың ашу мүмкіндіктері жөнінде тәжірибелерімен және ақпаратпен бөлісті.  

Веб-конференцияның соңында «сұрақ-жауап» форматындағы пікірталас өтіп, қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды белсендету бойынша бірқатар сұрақтар көтеріп, көптеген практикалық мәселелерді талқылады.

Ганновердің сауда-өнеркәсіптік палатасы Төменгі Саксония федералдық жерінің ең ірі сауда-өнеркәсіптік палатасы болып табылады. Оның құрамына осы өңір мен аймақтарында көрсетілген 170 мыңнан астам компаниялар кіреді. Ұйымның негізгі міндеттері – кәсіпкерлердің ортақ мүдделерін палатаның аймақтық құзыреті шеңберінде муниципалитет органдары алдында (оның ішінде, кәсіби дайындықты ұйымдастыру, эксперттермен қамтамасыз ету, сыртқы сауда құжаттарды куәландыру және құрылыс саласына талдау өткізу), саяси қайраткерлер мен қауымдастық алдында білдіру, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласында қолдау көрсету болып табылады.