ҚР Президентінің Көмекшісі Қанат Бозымбаев пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен болған веб-конференцияда «Siemens AG» концернімен ынтымақтастық талқыланды

ҚР Президентінің Көмекшісі Қанат Бозымбаев пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен болған веб-конференцияда «Siemens AG» концернімен ынтымақтастық талқыланды

БЕРЛИН, НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 14 қазан – Германия тарапының бастамасымен ҚР-дың ГФР-дағы Елшігі және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен ҚР Президентінің Көмекшісі Қ.Бозымбаев пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусиннің «Siemens Advanta»  компаниясының Бас директоры А.Саррацинмен онлайн кездесуі өтті.

Онлайн кездесуге сондай-ақ ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов, ҚР энергетика вице-министрі Ж.Жахметова, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «Siemens AG» компаниясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Siemens AG» концернінің Басқарма төрағасы Джо Кэзермен 2020 жылғы ақпандағы кездесуі барысында қол жеткізілген келісімдерін жүзеге асыру барысы, сондай-ақ  ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Р.Скляр мен «Сименс» компаниясының Ресей, Беларусь және Орталық Азия бойынша Президенті А.Либеров 2020 жылғы 14 ақпанда қол қойған ҚР Үкіметі мен «Siemens AG» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумның ережелері талқыланды.

 «Siemens» – өз қызметін цифрлық трансформация, инфрақұрылымды дамыту, ұтқырлық және денсаулық сақтау салаларына шоғырландырған дүниежүзілік технологиялық концерні болып табылады.