ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «Herrenknecht AG» компаниясының басшылығымен кездесті

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «Herrenknecht AG» компаниясының басшылығымен кездесті

Шванау, 2020 жылғы 8 қазан – Баден-Вюртемберг федералдық жеріне жұмыс сапары барысында ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «Herrenknecht AG» компаниясының басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Елші Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті, еліміздің бәсекелестік артықшылықтары, сондай-ақ инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлады. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсанда және 2020 жылғы ақпанда ГФР-ға жасаған сапарларының маңызды нәтижелерін, оның ішінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Р.Скляр басшылық ететін неміс инвесторларымен ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік жұмыс тобының құрылғанын айтты.

«Herrenknecht AG» компаниясының Басқарма төрағасы Мартин Херренкнехт (Vorstandsvorsitzender, Herr Dr. Martin Herrenknecht)туннель үңгілей қазу кешендері, сондай-ақ жер қазатын көлік машиналардың басқа да түрлерін шығаруда алдыңғы орынды иеленетін компаниясының қызметімен таныстырды.1975 жылы М.Херренкнехт негізін қалаған компания қазіргі уақытта Готард және Бреннер базалық туннельдері (Gotthard- und Brennerbasistunnel), Стамбул қаласындағы Евразиялық туннель құрылысы (Eurasientunnel),Париж (Grand Paris Express), Лондон, Мәскеу, Берлин, Копенгаген қалаларының көліктік желісін дамыту сияқты ірі жобаларды жүзеге асыруда қолданылатын туннель үңгілеу машиналарын шығарады.Компанияның өніміне сондай-ақ 10см-ден 19 метрге дейінгі қимасы бар сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін кеңейтуге арналған микромашиналар жатады. Бұған дейін компания Алматы қаласындағы метрополитенінің құрылысына қатысқан. 

Кездесу аясында шахта жабдықтарын орнату менқызмет көрсететін «REDPATH DEILMANN GmbH» тау-кен компаниясының таныстырылымы өтті. Компания Монғолия, Канада, Оңтүстік Африка және т.б. елдерде бірлескен жобаларды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта ҚР және Беларусьта пайдалы қазбаларды өндіретін кен орындарын игеру бойынша ірі жобаларды жүзеге асыруда.

Кездесу соңында ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «Herrenknecht AG» қорының жобалық инженері және Басқарушы Орынбасары Мартин-Девид Херренкнехтпен (Projektingenieur und stellv. Stiftungsvorstand der Herrenknecht AG Martin-Devid Herrenknecht) бірге «Herrenknecht AG» компаниясының өндіріс алаңына барды.