ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «fischerwerke GmbH & Co. KG» және «Schuler AG» компанияларының басшылығымен кездесті

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «fischerwerke GmbH & Co. KG» және «Schuler AG» компанияларының басшылығымен кездесті

ВАЛЬДАХТАЛЬ-ТУМЛИНГЕН, ГЁППИНГЕН, 2020 жылғы 7 қазан – Баден-Вюртемберг  федералдық жеріне жұмыс сапары барысында ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов «fischerwerke GmbH & Co. KG» және «Schuler AG» компанияларының басшылығымен кездесті.

 «fischerwerke GmbH & Co. KG» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Марк-Свен Менгиспен болған кездесудің тақырыбы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылау болды. Дипломатиялық өкілдіктің басшысы Мемлекет басшылығының инвестициялық ахуалды жақсарту, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен жаңғырту, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру бойынша қабылдаған шаралары туралы мәлімдеді. Д.Кәріпов сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсанда және 2020 жылғы ақпанда ГФР-ға жасаған сапарларының маңызды нәтижелері, оның ішінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Р.Скляр басшылық ететін неміс инвесторларымен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының құрылғаны туралы хабарлады.

Өз кезегінде М-С. Менгис компания қызметінің бекітпе бұйымдарына, автокөлік интерьеріне, үлгілік құрылымдаушыларға арналған бөлшектер жасап шығару, кеңес беру бойынша қызмет көрсету, өндірісті автоматтандыру және цифрландыру сияқты негізі бағыттар туралы айтты. Компания өндірісті ұйымдастырудың инновациялық әдістерін, сондай-ақ цифрлық және ақпараттық технологияларды қолданатын ГФР-дағы жетекші компаниялар тізіне енеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Д.Кәріпов компанияның Вальдахталь қаласындағы өндіріс алаңына және оқу орталығына барды.

1948 жылы құрылған бұл компания 60-жылдары компанияның негізін қалаушы А.Фишер ойлап тапқан дамытушы құрылымдаушылардың негізінде танымал болды. Одан кейін компания бекітпе бұйымдары мен автокөліктерге арналған бөлшектер шығаруға баса назар аударды. ГФР-да 20 мың адам, оның 1200-ден астамы Вальдахталь қаласындағы штаб-пәтерде еңбек етеді. Компанияның ГФР-дағы басқа да кәсіпорындары Хорбе (автокөлік компонентерін шығару) Фрайбург, Денцлингенде орналасқан. Концерннің шет елдерде (Италия, Чехия, ҚХР, Аргентина, Бразилия және АҚШ) өндіріс алаңдары, 37 елде 49 еншілес кәсіпорны бар; өнімдері 100-ден астам елде сатылады.

Сол күні Д.Кәріпов «Schuler AG» компаниясының басқарма мүшесі Томас Кампхаузенмен және «Schuler Pressen GmbH» компаниясының Басқарушы директоры Даниэл Хубермен кездесті.

Компанияның өкілдері аса ірі баспақ шығару және өндірістік технологиялар жасау жөніндегі концернің қызметі туралы айтты. Компания дайындайтын баспақтар көмегімен шанақ панельдер және басқа да автокөлік бөлшектері, металл қуыстары және электр қозғалтқыштарға арналған тетіктер өндірісі жүзеге асырылады. Компания автокөлік, энергетика, электронды және электр техникасы, аэроғарыш және теміржол салаларын  жеткізуші болып табылады.

Қазақстанда «Schuler AG» компаниясы Екібастұз қаласындағы өнеркәсіп аймағында теміржол дөңгелектерін шығаруға арналған жабдықтарды жеткізу саласында «Проммашкомплект» ЖШС-мен ынтымақтастық орнатқан. 2018 жылы бастау алған жоба аясында жыл сайын 200 мың дөңгелек шығарылады; 153 жұмыс орны құрылды.

Кездесу барысында болшақтағы ынтымақтастық  және компанияның кәсіпорынның өндіріс қуаттылығын арттыруға және шығарылатын өнім сұрыптамасын кеңейтуге қатысу мүмкіндігі талқыланды.