
МЮНХЕН, 2020 ж. 2 қазан -- Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Mühlbauer Group» компаниясының Вице-президенті Людвиг Хубермен кездесті.
Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «Mühlbauer Group» компаниясымен қазіргі қарым-қатынастары мен олардың болашағы талқыланды.
Кездесу соңында Людвиг Хубер «Mühlbauer Group» компаниясы атынан коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қолданатын медициналық жабдықтарды сатып алу үшін Қазақстанға 10 мың еуро көлемінде сертификатын табыстады.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасының СІМ-нің өкілдері мен Мюнхендегі Бас консулдығының қызметкерлері қатысты.