
БЕРЛИН, 2020 жылғы 1 қазан – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Дүниежүзілік банк, Герман экономикасының Шығыс комитеті, сондай-ақ Орталық Азия, Кавказ елдері және Ресей сауда палаталары мен бірлестіктерінің қолдауымен «Maleki Corporate Group» неміс консалтингтік компаниясы ұйымдастырған 1-ші Каспий-Еуропа форумына қатысты. Гибридтік формада (қатысушылардың тікелей және онлайн қатысуы) өткен іс-шара аясында шақырылған спикерлер 2018 жылы тамызда Ақтау қаласында қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвеция мәнмәтінінде мүмкіндік беретін еуропалық шағын және орта бизнеске арналған энергетика, көлік логистикасы салаларындағы және Каспий маңы мемлекеттерімен тұрақты дамудың іскерлік перспективаларын талқылады.
Қазақстан тарапынан форумға видеобайланыс арқылы «Каспий аймағы және оның жаһандық экономикадағы рөлі» тақырыбында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймішев сөз сөйледі, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Жасыл қаржы орталығының директоры («Green Finance Intelligence») Айгүл Құсалиева, қаржы және цифрлық экономика салаларының сарапшылары қатысты.
Өз сөздерінде қазақстандық қатысушылар еуропалық шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің назарын Азия мен Еуропа арасындағы жүктерді жеткізуде ҚР көлік тораптарының тиімділігіне, сондай-ақ технологиялық жаңғырту және «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Белдеу және Жол» қытайлық бастамасы аясында еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытудың түрлі аспектілеріне аударды.
Форумда сондай-ақ Каспий теңізі бағытындағы көліктік және энергетикалық бағыттарды әртараптандыру жөніндегі ары қарайғы ынтымақтастық перспективалары, Азия аймағымен экономикалық түйіндесуі жөніндегі ЕО-ның жаңа Стратегиясы аясындағы еуразиялық интеграциялық процестерге қайта мән беруден бастап, нақты жобалардың нәтижелі болуын қамтамасыз ететін бірлескен тәсілдерді іздестіруге дейінгі аймақаралық қатынастар мәселелеріне назар аударылды.
1-ші Каспий-Еуропа форумы Германияның және ЕО-ға мүше басқа мемлекеттердің үкіметтік және жеке секторлары өкілдерінің тарапының қызыушылығын тудырды. Бұны қатысушылардың саны мен жоғары деңгейі, олардың видеоконференция байланысы арқылы талқылауларға қатысуы, сондай-ақ шақырылған сарапшылардың мазмұнды баяндамалары көрсетті.