ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

ГФР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Германия аумағында болу құқығын беретін ГФР Ішкі істер министрлігінің «Шенген визасы иелері үшін мерзімі аяқталатын COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты уақытша тұруға рұқсат беру талабынан уақытша босату туралы» бұрын күшіне енген жарлығы ұзартылмайды.

Сонымен қатар, азаматтардың өздерінің болу мерзімін 2020 жылдың 30 қыркүйектен кейін ұзарту үшін өтінішті ГФР аумағында орналасқан тұрғылықты жеріне байланысты көші-қон жөніндегі неміс органына беру қажет деп қосымша ескертеді.

Өз тарапымыздан 2020 жылдың 18 тамыздан бастап Қазақстан мен Германия арасындағы тікелей әуе қатынастары қалпына келтірілгенін еске саламыз. Бүгінде Майндағы Франкфурттан Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа қалаларына тұрақты әуе қатынастары бар. Сондай-ақ Қазақстан тікелей әуе қатынасын қалпына келтірген елдер арқылы транзиттік бағыттарды пайдалануға болады.