БЕРЛИН, 2020 жылдың 25 қыркүйеқ -- Елші Дәурен Кәріпов Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму мен сыртқы істер министрліктерінің, Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің өкілдері және шетелдегі қазақ мәдени орталықтары басшыларының қатысуымен «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастырған онлайн-кездесуге қатысты.
Онлайн-кездесуде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі М.Әзілханов «El.kz»порталдың тұсаукесерін өткізді. «El.kz» порталының аудиториясын кеңейту мақсатындаД.Кәріпов материалдарды латын транскрипциясында қазақ тілінде жариялауды ұсынды, бұл порталды әзірлеушілер тарапынан қолдау тапты.
Сондай-ақ, қатысушылар «Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік үй жобасын іске асыру, шетелдегі қазақ қауымдастығы өкілдерінің қазақ тілін үйрену перспективалары мен білім беру жобаларын және шетелде тұратын отандастарды қолдау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ жастар ұйымдарымен жұмысты дамыту және ілгерілету мәселелерін талқылады.