ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов ҚР-дың ГФР-дағы құрметті консулдарымен кезекті веб-конференция өткізді

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов ҚР-дың ГФР-дағы құрметті консулдарымен кезекті веб-конференция өткізді

БЕРЛИН, 2020 ж. 24 қыркүйек – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов ҚР-дың ГФР-дағы құрметті консулдарымен кезекті веб-конференция өткізді. Кездесу барысында өз сөзінде ҚР-дағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай, коронавирус пандемиясына байланысты болған дағдарыстың ел экономикасына теріс салдарын барынша азайту және дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша ҚР Үкіметінің шаралары туралы ақпарат берді. Д.Кәріпов шетелде «локдаунда» қалып, қиын жағдайға түскен қазақстандық азаматтарға консулдық көмек көрсету бойынша жұмысты күшейту істеу қажеттілігін атап өтті.

Кездесу барысында ҚР және ГФР арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу және жақын арада әртүрлі тақырыпта бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды.