Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
1994 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметтері арасында мәдени ынтымақтастық туралы келісімнің 18-бабына сәйкес Қазақстан-Герман мәдени ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі аралас комиссия жұмыс істейді (5 отырыс өткізілді, соңғысы - 2017 ж. 30 қарашада Астанада).
2009 ж. Германияда Қазақстан жылы, 2010 ж. Қазақстанда Германия жылы өткізілді.
2006 ж. бастап ҚР-ның ГФР-дағы «Қазақ кітапханасы» Елшілігінің жобасы іске асырылуда. Қазақ авторларының 26 кітабы неміс тілінде жарық көрді (Абай, М.Әуезов, И. Есенберлин, Ә. Кекілбаев, Г.Бельгер және т.б.).
2022 ж. ҚР мен ГФР арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде: «HasSak» қазақ этно-фольклорлық ансамблінің, А.Мұсаходжаева мен З.Алтынбаеваның бірлескен концерті, «Sommerfrische» классикалық музыкасының симфониялық концерті (жазғы салқындық), Д.Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің Берлин, Ганновер қалаларында концерттері өткізілді, Дюссельдорфтағы Д.Құдайбергеннің концерті, сондай-ақ «Томирис» және «Паралимпиадашы» фильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды.
2023 ж. «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблінің (Берлин, Магдебург қалаларында) концерттері, қазақстандық музыканттар мен әнші З.Алтынбаевтың (Берлин қ.), сондай-ақ «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі мен «Жорға» би тобының қатысуымен «Passion Electronique» концерттеті ұйымдастырылды.
2023 ж. мамыр айында Қазақ экономика және мәдениет орталығында қазақстандық студенттерге арналған «Дос-Мұқасан» фильмінің көрсетілімі өтті.
Қазақстандық фильмдер «Berlinale» (Берлин қ.) және "goEast" (Висбаден қ.) кинофестивальдеріне қатысады. 2024 ж. «GoEast» фестивалі аясында Қазақстаннан 10 фильм, оның ішінде екі толықметражды фильм («Баурына салу», «Мадина») ұсынылды. Жыл сайынғы «Schlingel» балалар және жасөспірімдер фильмдері халықаралық кинофестивалінің аясында (Кемниц қ., 2024 ж. 25 қыркүйек - 3 қазан) қазақстандық режиссер Алдан Баймахановтың «Мика» фильмінің көрсетілімі өтті.
2024 жылғы 24 тамызда «Young Euro Classic» фестивалінің ұйымдастыру комитетінің шақыруымен, Қазақ ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) студенттерінен құралған музыкалық ұжымы Берлинде неміс көрермендеріне сәтті өнер көрсетті. «Young Euro Classic» фестивалі 2000 жылдан бері жыл сайын өткізіліп, әлемнің үздік жас симфониялық оркестрлерін біріктіреді. 2024 ж. фестиваль өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтіп, Еуропа, Оңтүстік Америка, Африка және Азия елдерінің жетекші музыкалық ұжымдарын шақырды.
Қазақстан 2024 жылғы 12-20 қараша аралығында өткен «Future Now – Central Asia» музыкалық және кинофестивалінде басты назарда болды. Фестиваль Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы мәдени алмасуды нығайтуға, сондай-ақ жас таланттар үшін бірегей шығармашылық алаң құруға бағытталған. Фестивальдің ашылуы Берлин филармониясында өткен камералық музыка гала-концертінен басталды, Орталық Азияның бес елі мен Германияны таныстырған алты трио өнер көрсетті. Қазақстанның музыкалық мәдениетін Бекнұр Әбдіжалі (шертер), Жания Естайқызы (қобыз) және Айбол Ерлік (домбыра) таныстырды. Фестивальдің жалғасы ретінде Орталық Азия елдерінің жас режиссерлерінің бес көркем фильмінің көрсетілімі болды. Кино апталығынжас режиссер Алдияр Байракимовтың «На грани» атты қазақстандық фильмі ашты.
Білім беру саласындағы флагмандық жоба Алматы қаласындағы Қазақстан-Неміс университеті болып табылады.
2023 ж. 21 маусымда ГФР Президенті Ф.-В. Штайнмайер мен Германияның жетекші техникалық университеттерінің консорциумы қатысуымен Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті базасында Қазақстан-Неміс орнықты инжиниринг институтының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. 2023 ж. қыркүйектен бастап 45 студент институтта оқуды бастады.
2024 ж. 21 маусымда Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) базасында Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Жаңа филиал өз жұмысын 2024 жылғы қыркүйекте бастады.
2024 ж. қыркүйек айында Федералдық канцлер О.Шольцтың Астанаға жасаған ресми сапары барысында Астанада Қазақ-неміс мектебін құру туралы меморандумға қол қойылды және Германияның Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында қол қойылған Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан Қазақ-неміс ғылым және технология институтын құру туралы ниет меморандумы.
Жыл сайын Бундестагта (конкурстық негізде) қазақстандық магистранттар 6 айлық практикадан өтеді. 2024 ж. үш қазақстандық халықаралық парламенттік стипендияның (IPS) иегері атанды.
«DAAD» Герман академиялық алмасу қызметі желісі бойынша академиялық алмасу жүргізілуде, гранттық қолдауды К.Аденауэр, Ф.Эберт, Р.Люксембург атындағы неміс қорлары көрсетуде.
Неміс диаспорасының мәселерімен Этникалық немістер мәселелері жөніндегі Үкіметаралық комиссия айналысады. 2024 ж. 21 мамырда Астанада Комиссияның 20-отырысы өтті.
1994 ж. бастап «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Германияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жүргізілуде. ҚР жоғары оқу орындарында 34 Германия азаматы, ал ГФР – да Қазақстаннан 2000-ге жуық студент оқиды.