Меню

Страницы

Статья

Роза Бағланова

2022 жылдың 1 қаңтарында КСРО, Қазақстан және Қырғызстанның Халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды.

Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы  халыққа қалтқысыз қызмет етудің, сахнаға деген адалдықтың және көрерменге деген шексіз құрметтің үлгісі.

Әнші өзінің еңбек жолын Өзбек КСР Өзбек филармониясының мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде бастады, содан кейін Мәскеу консерваториясына жолдама алды. Бірақ Ұлы Отан соғысының басталуымен ансамбльмен бірге майданға аттанды. Бригада құрамында Қызыл Армия жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті: землянкаларда, вокзалдарда, танктерде және ұшақтың қанаттарында ән айтты. Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова өз шығармашылығымен сарбаздардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, жауынгерлерді ұрыс алаңынан шығаруға көмектесіп, өзін ерлік жағынан көрсетті.

1945 жылы 9 мамырда Р.Бағланова Берлин қаласында өткен Жеңіс концертіне қатысты. Солдаттық ерлігі үшін әнші көптеген жауынгерлік марапаттарға ие болды, олардың ішінде маршалдар И.Конев пен К. Рокоссовский тапсырған 2 медальді ерекше бағалады.

Роза Бағланованың халық арасына көп тараған ерекше танымал әні Лидия Русланованың репертуарындағы «Ах, Самара-қалашығы» әні еді.

Соғыстан кейін сахнаға оралған Роза Бағланова КСРО-да бүкілхалықтық танымалдылыққа ие болған алғашқы қазақ әншісі болды. Роза Бағланованың репертуарында әлемдік опера өнерінің туындылары, түрлі елдердің халық әндері мен заманауи композиторлардың әндері бар.

Роза Бағланова – сол дәуірдің ұлттық символы: ол А.Вертинский, Г.Уланова, М.Плисецкая, И.Ильинский, А.Райкин, С.Рихтер, Д.Шафранмен бір сахнада тұрып өнер көрсеткен тұлға. Әнші гастрольдік сапармен Польша, ГДР, Мажарстан, Австрия, Чехословакия, Қытай, Корея, Үндістан, Бирма, Канада, Швеция, Бельгия және т.б. елдерді аралады.

1949 жылы әнші «Әлем жастығы» кеңестік-венгерлік деректі фильмінде түсті. 2006 жылы Алматы қаласында «Ах-Самара қалашығы» деректі кинофильмінің тұсаукесері өтті.

2021 жылы «Хабар» телеарнасы әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы «Бұлбұл» биографиялық көркем телесериалын шығарды.

2007 жылы Роза Бағланованың «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты өмірбаяндық кітабы жарық көрді.

Роза Бағланованың есімі Маргарет Тэтчер, Элизабет Тейлор және т.б. сияқты ұлы әйелдермен бірге англо-американдық «Кімнің кім екені» энциклопедиясына енген.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Роза Бағланова туралы әншінің үлкен шығармашылық жолы туралы баяндайтын «Біздің Роза» деректі фильмін түсірді.

Қазақ өнерін дәріптегені үшін көптеген атақтар мен марапаттарға ие болды.

2021 жылғы 23 қарашада ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған Атаулы күндер күнтізбесі қабылданды. Оған Қазақстанның ұсынысы бойынша әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы кірді.

Қазақстан Республикасында ұлы қазақ әншісі туралы естелікті сақтау мақсатында Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2022 жылы елімізде және шетелде бірқатар мерейтойлық іс-шаралардың өткізілуі жоспарланып отыр.

Дата публикации
07 марта 2022
Дата обновления
10 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
29 мая 2026
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
10 апреля 2026
Шаңырақ астындағы кездесу
Бағыттар
27 марта 2025
Определение принадлежности к гражданству Республики Казахстан

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары