НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
2022 ж. 17 қаңтарынан бастап Қазақстанға шетелден келетін жолаушыларда коронавирустың жоғын растайтын жарамды ПТР анықтамасы болуы керек (вакцинацияланған жолаушыларды қоса алғанда). Анықтама жарамды болып саналуы үшін, ол биоматериал алынған күннен бастап Қазақстанның шекарасын өтуге дейінгі 72 сағат ішінде берілуі қажет (5 жасқа дейінгі балаларға сынақ тапсырудың қажеті жоқ). ПТР анықтамасы тек қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде берілген түпнұсқада ғана жарамды деп саналады.