
Ү.ж. 1 шілдеде Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының Еуропадағы өкілдігімен бірле отырып Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен IT-секторларындағы инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған онлайн конференция өткізді.
Жүздесуге ауыл шаруашылығы мен IT салаларындағы сербиялық компаниялар, Қазақ-серб іскерлік кеңесінің мүшелері, сондай-ақ екі ел ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделі кәсіпкерлер қатысты.
Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбеков өз сөзінде екі ел арасындағы дәстүрлі достық, сенімді қарым-қатынастар іскерлік ынтымақтастықты дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашатындығын атап өтті. Қазақ дипломаты сербиялық компанияларды елімізге бірлескен кәсіпорындар құруға шақырды.
Еуропадағы «KAZAKH INVEST» ҰК өкілі А.Тұмышева өз баяндамасында шетелдік инвесторларды қолдаудың мемлекеттік құралдарына ерекше назар аударып, инвестиция үшін тартымды қызмет салаларын атап өтті. Агросекторда мұндай бағыттарға ет-сүт өндірісі, жылыжай шаруашылықтарын құру, жемістер мен көкөністер өсіру, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жатады. IT-саласында –цифрландыру, қашықтықтан оқыту және т.б. кіреді.
Аталмыш шара Елшіліктің және «KAZAKH INVEST» ҰК Қазақстан мен Сербияның экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейтудегі кезекті практикалық қадамы болып табылады.