Белград қаласында «Қазақстан достары клубы» құрылды

Белград қаласында «Қазақстан достары клубы» құрылды

Ү.ж. 24 маусымда Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшілігінің ғимаратында «Қазақстан достары клубының» тұсаукесері өтті.

Іс-шараға көрнекті саяси, ғылыми және іскерлік топтар өкілдері, спорт және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Қазақстан Елшісі Ғабит Сыздықбеков өз сөзінде Клуб жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсетуге ықпал етіп, оның мүшелерін Қ.Тоқаевтың президенттік алғашқы жылы ішіндегі Қазақстанда жүзеге асырып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар мен еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардар етті.

Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлер, туристік әлеует және мәдениет туралы, сондай-ақ астана күні қарсаңында - Нұр-Сұлтан мен республиканың басқа да қалаларының даму қарқыны туралы бейнероликтер көрсетілді.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Көзімнің қарасы» өлеңін белградтық «Нит» дуэті орындап шықты.

Қазақстанның сербиялық достары елімізге бейбітшілік пен өркендеу тілей отырып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бар күш-жігерлерін салатынын тілге тиек етті.