Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары мен елімізге баруды жоспарлаған тұлғалар!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары  мен елімізге баруды жоспарлаған тұлғалар!

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан біріңғай уақыт белдеуіне көшетіндігін хабарлауды мәртебе санаймыз.

Министрліктің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.

Яғни, жоғарыда аталған өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады, Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылатын болады.

Өзгертулерге сәйкес, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек.