
10 қаңтар, Белград қ. Қазақстанның Сербиядағы Елшісі
М.Атамқұлов Халықаралық саясат және экономика институтының басшылығымен кездесу өткізді.
Сұхбаттасу барысында қазақстандық дипломат әңгімелесушілерді
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатының негізгі сәттерімен таныстырып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың барысын талқылады.
Институт директоры Б.Джорджевичтің айтуынша, Қазақстанның трансформациялық жолы Сербияның сарапшылар қауымдастығының қызығушылығын тудырады, осыған байланысты, серб тарапы Қазақстанның академиялық және «ми орталықтарымен» әріптестікті дамытуға үміттенеді.
Кездесу қорытындысы бойынша, сербиялық шолушыларды Қазақстанда болып жатқан ішкі саяси процестермен, сондай-ақ ҚР сыртқы саяси басымдықтарымен таныстыруға бағытталған бірқатар практикалық жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Халықаралық саясат және экономика институты 1947 жылы құрылған және халықаралық қатынастарды зерттеуге арналған Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең көне ғылыми-зерттеу институттарының бірі болып табылады.