Қазақстандық және серб жастары өзекті мәселелерді талқылауда

Қазақстандық және серб жастары өзекті мәселелерді талқылауда

Үстеміздегі жылғы 22 тамызда Сербияның Съеница қаласында алғаш рет «Eco-Infinity» халықаралық жастар фестивалі басталды, оған қазақстандық өкілді делегация қатысады.

Астана қаласы, Маңғыстау, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының әкімшіліктерің жастар саясаты саласындағы сарапшылары және жастар ұйымдарының басшылары бірнеше күн ішінде білім беру, жастарды жұмыспен қамту, қоршаған ортаны сақтау мәселелерін талқылайтын болады.

23 тамызда қаланың орталық алаңында фестивальдің гала-ашылуы өтті, оның барысында іс-шараға қатысушы елдердің стендтерінің тұсаукесері өтті. Елшілік пен Қазақстаннан келген делегация ұйымдастырған стенд фестивальдің көзайымына айналды. Атап айтқанда, жиналған жұртшылыққа халқымыздың ұлттық тағамдары, кәде сыйлары, киімдері, сондай-ақ мемлекетіміздің көрнекі туристік жерлерінің суреттері паш етілді. Ал, серб тіліне аударылып, кітап түрінде таныстырылған ұлы Абайдың шығармалары қонақтардың ерекше ықыластарына ие болды.

Ұйымдастырушылар қазақстандық тарапқа фестивальге белсенді қатысқандары үшін зор алғыстарын білдіріп, екіжақты байланыстарымыздың одан әрі нығая түсетіндігіне сенім білдірді.

Сербиялық «Эко-Инфинити» жастар ұйымы 2019 жылы ел жастары үшін негізгі сын-қатерлерді шешу үшін құрылды. Серб жастары тартатын жобалар мен іс-шаралар арқылы үкіметтік және үкіметтік емес сектор, сондай-ақ мәдени және білім беру мекемелері білім беру, жұмыспен қамту, жастарды маргиналдандыру, экологиялық қызмет мәселелері талқыланады.