Қазақстан Елшісі Белград басшысына Астанада өтетін Мэрлер форумына қатысуға арналған шақыруды табыстады

Қазақстан Елшісі Белград басшысына Астанада өтетін Мэрлер форумына қатысуға арналған шақыруды табыстады

Белград, 2023 жылғы 23 мамыр – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Белград қаласының мэрі Александр Шапичпен кездесті.

Қазақстандық дипломат Белград мэріне Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің Қазақстанның бас қаласында өтуі жоспарланған әкімдер форумына және ү.ж. 6 шілдеде Елорда күнін мерекелеу аясындағы іс-шараларға құрметті қонақ ретінде қатысу үшін тиісті шақыруды тапсырды.

Сұхбат барысында тараптар екі мемлекеттің елордалары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, басты назар экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимыл мәселесіне, оның ішінде, Белградта бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша қазақстандық компаниялардың бастамаларына қолғабыс көрсетуге ерекше назар аударылды.