
2023 жылғы 10 наурыз, Белград қ. – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов СР Сыртқы істер министрлігінің жаңадан тағайындалған Мемлекеттік хатшысы Горан Алексичпен кездесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың серпінін талқыға салып, Астана мен Белград арасында дәстүрлі достық қатынастар орнағандығын атап өтті.
Келіссөздер барысында биыл Қазақстан мен Сербияның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының өзара сапарларын ұйымдастыру, оған қоса екіжақты Үкіметаралық комиссиясының кезекті мәжілісін өткізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Сұхбаттасушылар саяси салада екі мемлекет арасында қалыптасқан жақсы байланыстар сауда-экономикалық, сондай-ақ инвестициялық бағыттарда одан әрі тығыз және аралас-құралас өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беріп отырғандығымен келісті. Осыған орай, іскерлік топтардың байланыстарын жандандыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін шешу ерекше маңыздылыққа ие екендігі айтылды.