Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғ.Сыздықбеков Сербия Президентінің кеңесшісі Т.Йовичпен кездесті

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғ.Сыздықбеков Сербия Президентінің кеңесшісі Т.Йовичпен кездесті

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасы Президентінің кеңесшісі Татьяна Йовичпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды. Қазақстан Елшісі экономикада және мәдени-гуманитарлық салада өзара іс-қимыл бағыттарын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, Т.Йович кездесу барысында Президент Қ.Тоқаевтың Белградта Қазақстан Елшілігін ашу шешімі екі елдің екіжақты қарым-қатынастары тарихындағы ең маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.