Ү.ж. 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Министрі Зоран Джорджиевичпен кездесу өткізді.
Тараптар әлеуметтік саладағы практикалық өзара іс-қимылдың болашағы мен мүмкін болатын форматтарын талқылады. Сонымен қатар, екі елдің мүдделі ведомстволары өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастыру туралы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастыққа жүйелі сипат беру үшін ведомствоаралық құжаттар жобаларын келісіп, оларға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.