
2020 жылғы 1 және 2 наурызда Сербия өңірлерін зерттеу бойынша жұмыс аясында Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбеков Нови-Пазар қаласына барып, Копаоникадағы (Kopaonik Business Forum 2020) жыл сайынғы Бизнес форумының жұмысына қатысты.
2020 жылғы 1 наурызда Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербияның оңтүстік-батысындағы Нови-Пазар қаласында болды. Сапар барысында қала мэрі Нихат Бишевачпен кездесу өткізілді.
Сербиялық тарап Қазақстанның бірінші Елшісіне жылы қабылдау ұйымдастырды. Ғ.Сыздықбеков қала мэриясының делегациясымен бірге қаланың орталық көшелерін, Нови-Пазар қаласының мәдени орталығын аралап көрді.
Әңгіме барысында тараптар екі елдің мәдени-гуманитарлық және экономикалық салалардағы өңіраралық деңгейде іс жүзінде өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.
Нови-Пазарда жақын арада Қазақстаннан келген шығармашылық ұжымдардың концерттерін өткізу, сондай-ақ ҚР қалаларының бірімен бауырластық байланыстарды орнату перспективасына ерекше назар аударылды.
1 және 2 наурызда Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Копаоник қаласында орын алған жыл сайынғы Бизнес форумның жұмысына қатысты.
Бұл жылғы іс-шара "Индустрия 4.0" тақырыбына, сондай-ақ Батыс Балқан аймағын дамыту мәселелеріне арналған.
Ресми рәсімдерге қатысудан басқа Қазақстан елшісі бірқатар еуропалық мемлекеттердің елшілерінің қатысуымен "Батыс Балқан өңірі: геосаясаттың оралуы", сондай-ақ "Индустрия 4.0" панельдік сессияларында болды.
Анықтама: Копаоник қаласындағы Бизнес-форумның ұйымдастырушылары Сербия экономистері қауымдастығы болып табылады. Соңғы жылдары іс-шара Сербия Республикасы Премьер-министрінің қамқорлығымен өтуде.
Форум жыл сайын 1200-ден астам қатысушыларды, соның ішінде көрнекті профессорларды, мемлекеттік сектор өкілдерін, танымал бизнесмендерді, дипломаттарды, халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерін жинай отырып, Сербияның және бүкіл өңірдің экономикасының, саясатының, әлеуметтік саласының неғұрлым өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Өзінің дәстүрлері мен беделінің арқасында Копаониктегі Бизнес-форум Сербия мен өңірдегі ең маңызды оқиға болды. Өзінің өзектілігі мен ықпалы бойынша Копаоник бизнес-форумы "Сербиялық Давос" деп танылды.