Қазақстан мен Сербияның әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде

Қазақстан мен Сербияның  әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығы  жаңа деңгейге көтерілуде

Белград, 2022 жылғы 11 мамыр – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев жұмыс сапарымен Сербияға келді, делегация құрамына ҚР әлеуетті ведомстволарының, Қазақстан инжиниринг ҰК АҚ және оның құрамына кіретін бейінді компаниялардың қызметкерлері кірді.

Болу бағдарламасы шеңберінде Сербия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қорғаныс министрі Небойша Стефановичпен және «Yugoimport SDPR» Сербия мемлекеттік қорғаныс компаниясының директоры Югослав Петковичпен кездесулер өтті. Тараптар екі ел арасындағы қорғаныс-өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен әлеуетін, бірлескен өндірістер құру, тәжірибе алмасу перспективаларын талқылады.

Қазақстандық делегация Сербияның ҚӨК секторының бірқатар жетекші кәсіпорындарын аралады.

Сапар қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және «Қазақстан инжиниринг» менYugoimport SDPR» компаниялары арасында тиісті Меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.