
Белград, 2022 ж. 9 мамыр - Белградты азат етушілер мемориалдық кешенінде Жеңіс күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Қазақстан Елшісі М.Атамқұлов, Әзербайжан Елшісі К.Хасиев, Беларусь Елшісі В. Брылев және Ресей Елшісі А.Боцан-Харченко, Сербия Халық Скупщинасының Төрағасы И.Дачич, Сербия Үкіметінің мүшелері, сондай-ақ сербиялық әскери қызметшілер, қала билігі мен қоғам өкілдері кеңес жауынгерлеріне құрмет көрсетуге жиналды.
Рәсім Сербия Қарулы Күштерінің әскери оркестрі мен Құрмет қарауылының қатысуымен өтті. Дипломаттар Белградты босатушылар монументіне, мәңгілік отқа және Қызыл Армия ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Батырларға мәңгілік естелік!