
Неготин қаласы, 2022 ж. 20 сәуір - Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов болат талшықтары және арнайы жабдықты (фибробетон үшін), сондай-ақ металл өңдеуге арналған түрлі материалдарды өндіруге маманданған «Spajic» компаниясына барды.
Компанияның негізін қалаушы Зоран Спайичпен кездесуде компанияның қазақстандық нарыққа шығу перспективаларын талқылап, «Kazakhstan Industry Week – 2022» өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды (Нұр-Сұлтан Қ., 2022 жылғы 21-23 қыркүйек).
Крушевац қаласы, 2022 ж. 21 сәуір - Қазақстан Елшісі жеміс өсімдіктерінің көшеттерін өндіру және жеткізу нарығында жұмыс істейтін «EuroDuoKalem» компаниясына барды. Директор Дэян Миладинович өз компаниясының әлеуеті және Қазақстанмен ынтымақтастық тәжірибесі туралы айтып берді.
М. Атамқұлов, өз кезегінде, сұхбаттасушыны қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының ірі отандық демонстрациялық алаңының «Jana Dala / Green Day'2022» мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды (2022 жылғы 13-14 шілде, «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдары, Ақмола облысы)