
Белград, 2022 жылғы 20 сәуір - Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасы Халықтық скупщинасының (парламентінің) Төрағасы Ивица Дачичпен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дәстүрлі достық және сенімді сипатын, сондай-ақ парламенттік дипломатияның ерекше рөлін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Елші И.Дачичті Қазақстандағы ахуал туралы, Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы аясында бастамашылық еткен саяси реформалардың іске асырылуы туралы хабардар етті.
Халықтық скупщина Төрағасы И.Дачич Қазақстанның саяси трансформациясының жоғары қарқынын атап өтіп, белгіленген мақсаттарды іске асыруда табыс тіледі.
Тараптар 2022 жылы парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.