Қазақстан мен Сербия бірлескен ҮАК қызметін жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Сербия  бірлескен ҮАК қызметін жандандыруға ниетті

Белград, 2022 жылғы 13 сәуір - Сербия Үкіметінде Қазақстанның Елшісі Мәди Атамқұлов Қазақстан-Сербия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) тең төрағасы қызметін атқаратын Сербия Республикасының Инновациялар және технологиялық даму мәселелері жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын растады және екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады.

Қазақстан Елшісі министрді Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған Президент Қ.Тоқаевтың саяси реформалар бағдарламасы туралы хабардар етті.

Ағымдағы жылы Белградта ҮАК 3-ші отырысын өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптардың пікірінше, өзара сауданың өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, тікелей әуе қатынасын ашу, өзара іс-қимылдың басым салаларында (ауыл шаруашылығы, IT-сектор, логистика және құрылыс және т.б.) бірлескен жобаларды іске асыру сияқты кейбір өзекті мәселелер шешімдер әзірлеу және келісілген шаралар қабылдау үшін жедел талқылауды талап етеді.