Сербияның сарапшылар қауымдастығы Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту бағдарламасының кешенді сипатын атап өтті

Сербияның сарапшылар қауымдастығы  Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту  бағдарламасының кешенді сипатын атап өтті

Белград, 2022 жылғы 31 наурыз - Қазақстан Елшілігінде Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті, оның барысында Президент Қ.Тоқаевтың бағытын іске асырудағы қағидаттық тәсілдерге ерекше назар аударылды.

Сербия Республикасының Халықтық скупщинасының депутаты, Сербия мен Қазақстанның парламентаралық достық тобы төрағасының орынбасары Д.Карич өз сөзінде «Қаңтардағы қайғылы» оқиғалар Қазақстанда сапалы өзгерістерді жалғастырудың және ел дамуының парадигмасын ауыстыру жөніндегі бағытты іске асырудың маңыздылығын растағанын атап өтті. Жолдау жаңа тәртіптің міндеттерін қояды, бұл ретте біртұтас ұлтты қалыптастыруға бұрын белгіленген бағдарды бекітеді.

Сербияның жетекші саясаттанушыларының бірі, Белград халықаралық саясат және экономика институты жанындағы Еуразиялық зерттеулер орталығының жетекшісі Д.Пророкович «Президент Тоқаев ұзақ мерзімді шешімдерді іздеуге бағытталған конституциялық өзгерістер процесін бастады» деп мәлімдеді.

Сарапшының бағалауынша, Президенттің таяудағы Жолдауын тарихи бетбұрыс деп атауға болады. Жаңару мен жаңғыру жолымен келе жатқан Жаңа Қазақстан мықты институттары мен дамыған демократиясы бар елге айналады.

Ол көптеген елдерде, соның ішінде дамыған елдерде түрлі сылтаулармен адам құқықтары шектелетініне және ұнамсыз БАҚ-тардың жұмысына тыйым салынатынына қарамастан, Қазақстанда демократия, адам құқықтарын қорғау және мемлекеттің ашықтығы қағидаттарына негізделген кері үдеріс басталатынына назар аударды.

Өз кезегінде Сербияның Корольдік инновациялық Ғылымдар Академиясының Вице-президенті В.Стевич Қазақстан басшысының суперпрезиденттік басқару формасынан президенттік республикаға көшу жөніндегі қадамдарына назар аударды. «Бұл нағыз көшбасшының батыл да
дана шешімі», - деп атап өтті сарапшы.

Кездесу соңында Сербия өкілдері Қазақстан халқына алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруда табыс тіледі.