Белград қаласында Наурыз мейрамы тойланды

Белград қаласында Наурыз мейрамы тойланды

Белград, 2022 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Елшілігінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекеге Қазақстан достары клубының мүшелері мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Іс-шарада қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан, оның ішінде Наурыз көжеден дәм татты, Отанымыздың ұлттық нақышынан ләззат алды, сондай-ақ "Арқан тарту", "Ақ сүйек" және т. б. ұлттық ойындарға қатысты.

Наурыз мейрамы Белградқа көктемгі жылулықпен, гүлденген ағаштармен және жақсы көңіл-күймен келді!