Қазақстан Елшілігі мен Нови-Сад қаласының мэриясының ынтымақтастығы туралы

Қазақстан Елшілігі мен Нови-Сад қаласының мэриясының  ынтымақтастығы туралы

Нови-Сад, 2021 жылғы 14 желтоқсан – Нови-Сад қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов шаһардың әкімі Милош Вучевичпен кездесті.

Тараптар екі елдің өңірлік деңгейдегі ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты байланыстарды жандандыруға және бірлескен жобаларды, әсіресе, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталған бірқатар бастамаларды талқылады.

Елші сұхбаттасын Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысы туралы хабардар етіп, 16 желтоқсанда Республикамыз өз тәуелсіздігінің 30-жылдығын атап өтетінін атап өтті. Қазақстандық дипломат тағы бір маңызды оқиғаға - Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына ерекше мән беріп, екі елдің өңірлері ынтымақтастықтың оң динамикасын одан әрі нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алатынын атап өтті.

М.Вучевич өз кезегінде Нови-Сад қаласының экономикалық әлеуеті, даму перспективалары және Қазақстанмен қарым-қатынастарды жандандыру мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі іс жүзіндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне, атап айтқанда, Нови-Сад көлік қызметтері нарығында жоғары технологиялық жобаларды іске асыру бойынша қазақстандық компаниялардың іскерлік бастамаларын қолдауға назар аударды.