Қазақстан мен Сербияның сыртқы саяси ведомстволары экономикалық дипломатия саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Сербияның сыртқы саяси ведомстволары  экономикалық дипломатия саласындағы  ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Белград, 2021 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасы Сыртқы істер министрінің экономикалық бағытқа жауапты орынбасары Мирослав Кнежевичпен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, Казақстан-сербия Үкіметаралық комиссиясының қызметін жандандыру, сондай-ақ оның жұмысына екі елдің іскер топтарын тарту қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді жобалар мен бастамаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.