Белград, 2021 жылғы 9 қараша – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының Сыртқы істер министрі Никола Селаковичпен кездесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылап, екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатын және Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай өзара байланыстарды жандандыруға өзара ниеттерін атап көрсетті.
Қазақстан Елшісі Сербия тарапына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жасыл көпір бастамасын қолдауға және тиісті серіктестік бағдарламасының Хартиясына қосылуға дайындығы үшін ризашылығын білдірді.
Министр Н.Селакович өз кезегінде Елші М.Атамқұловты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығымен құттықтап, Сербияға Косово және Метохия мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, ҮАК кезекті отырысын өткізу, нормативтік-құқықтық базаны кеңейту және өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.