Қазақстанның Елшісі Сербияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Сербияның Президентіне  сенім грамоталарын тапсырды

БЕЛГРАД, 2021 жылғы 25 тамыз - Сербия Сарайында Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын тапсырды.

Рәсімнен кейін өткен екі жақты кездесу барысында Президент А.Вучич қазақстандық дипломатты қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті. Сербия басшысы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

М.Атамқұлов өз кезегінде Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту ниеті туралы мәлімдеді.

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін іске асыру қажеттілігі туралы, атап айтқанда, жоғары және жоғары деңгейдегі өзара сапарларды, бірлескен жобалар мен бастамаларды ұйымдастыру туралы ортақ пікірге келді. Бұл ретте ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар екі маңызды оқиға – Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25-жылдығы және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында өтеді.

Кездесу соңында А.Вучич Елші М.Атамқұловқа табысты және жемісті жұмыс тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізді.