
Белград, 2021 жылы 15 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Белград қаласының мэрі Зоран Радойичичпен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығын және Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығын мерекелеуге байланысты кейбір жобаларды іске асыру мәселелерін, сондай-ақ 2016 жылғы қарашада қол қойылған Ниеттер туралы хаттама шеңберінде екі мемлекеттің астаналары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірқатар бастамаларды кеңінен талқылады.