Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сербия Халықтық Скупщинасының парламентаралық достық топтары депутаттарының кездесуі туралы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сербия Халықтық Скупщинасының парламентаралық достық топтары депутаттарының кездесуі туралы

Белград, 2021 жылы 15 маусым Екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі қызмет аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан Республикасы – Сербия Республикасы» ынтымақтастық тобының депутаттары мен Сербия Республикасының Халықтық Скупщинасының Қазақстанмен достық тобының депутаттары арасында онлайн форматта жұмыс кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дәстүрлі достық сипатта дамып келе жатқандығын атап өтті.

Депутаттар өз елдеріндегі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы, COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар барысы жөнінде ақпарат алмасты.

Қазақстан Парламентінің мүшелері сербиялық әріптестерін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытына сәйкес Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Еліміздегі азаматтық қоғамды одан әрі реформалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту тақырыбын талқылай отырып, екі ел депутаттары парламенттік дипломатия шеңберіндегі өзара іс-қимылды жандандыру туралы екіжақты бастамамен келісті. Атап айтқанда, ұлттық парламенттерде құрылған достық топтары депутаттарының өзара сапарларын ұйымдастыру мәселесі сөз болды