Қазақстан мен Сербияның мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын кеңейту туралы

Қазақстан мен Сербияның мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын кеңейту туралы

Белград, 2021 жылғы 15 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Ұлттық кітапханасының директоры Владимир Пишталомен кездеcу өткізді.

Тараптар гуманитарлық-білім беру өзара іс-қимылын кеңейту және мәдениетаралық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.

Сербия Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасымен рухани мұра, ғылыми және мәдени әлеуетті өзара ілгерілету үшін ынтымақтастыққа әрдайым дайын екенін білдірді.

Сербияның ұлттық кітапханасы жанынан осы жылдың соңына дейін Қазақстанға арналған білім беру-ағарту орталығын ашу, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының әдеби кешін ұйымдастыру жоспарлануда.

Елшілік 2020 жылдың желтоқсан айында шыққан А.Құнанбайұлының серб тіліндегі шығармалар жинағын осы елдің бас кітапханасына сый ретінде тарту етті.